Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Елдос Сметов

Елдос Сметов

        Елдос Бахтыбайұлы Сметов (9 қыркүйек 1992 жыл, Тараз, Жамбыл облысы) – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл).
Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр.
        Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған.

        Жетістіктері
  • 2010 жылы Мороккода өткен жастар арасындағы жарыстан чемпион атанды,
  • 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жастар арасында өткізілген жарыста қола медаль,
  • 2011 жылы Қытайда әлемдік қола гран-при жүлдесін алды.
  • 2011 жылы Өзбекстанда өткізілген жарыста әлем кубогының жүлдегері атанды,
  • 2013 жылы Польшада өткізілген Европа кубогын,
  • 2013 жылы Грузияда Европа кубыгының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар,
  • 2013 жылғы Турциядағы күміс жүлдегері,
  • 2013 жылы Таиландта өткізілген Азия чемпионатының күміс жүлдегері,
  • 2013 жылы Алматыда өткізілген әлемдік Гранд-придың бас жүлдегері атанды.
  • «TAK Astana Club» құрамында болып, 2013 жылы Астанада болған халықаралық жарыста 1-орынды иеленді.
  • 2013 жылы болған Бразилиядағы әлемдік чемпионатына белсенді қатысқан.