Бекзат Саттарханов
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
2000 жылдың 31 желтоқсаны күні жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.
Бекзат Саттарханов заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін анасының осы арманын орындады. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады.
Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.
Жетістіктері
Бекзат бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.

- 1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З.Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.
- 1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды.
- 1997 жылы Қарағанды және Германияның Кельн қалаларында өткен халықаралық турнирлерде топ жарады. Сонымен қатар Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады.
- 1998 жыл Бекзат үшін табысты болды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
- Қостанай қаласында өткен жарыста 54 келіде сынға түскен ол Марат Мәзімбаевтан ұтылып қалғанымен, бапкерлер сенімінен шығып, ұлттық құрамаға қабылданады.
- Түркістан қаласында Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып қоймай, жарыстың ең үздік боксшысына берілетін сыйлыққа ие болады.
- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанады.
- Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігінде жүлдегер қатарына ілігеді.
- 1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде оза шауып, Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізеді. Дәл осы күміс жүлдесімен бірге Сидней Олимпиадасының жолдамасына да ие болады.
- Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі төртжылдық додасына аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті төбесіне көтереді. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.