Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ермахан Ибраимов

Ермахан Ибраимов

        Ермахан Сағиұлы Ибраимов – Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Бокстан 1988 ж. КСРО, 2000 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Бокс бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

        Марапаттары

«Барыс» орденімен (2000 ж.).
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығымен (2000)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

        Ермахан 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген. 1979 жылы А.С.Макаренко атындағы мектеп - интернатына барып, 1984 жылы алғаш рет бокс әліппесімен танысады.
        Ермахан Ибраимов 1996 және 2000 жылғы Жазғы Олимпиадада екі мәрте Қазақстанның туын көтерді.
        Алғашқы бапкері: Бахшар Қарсыбаев

        Жетістіктері:

- 1986 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы.
- 1987 жылы Алматы қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы арнайы спорт - интернатының түлегі.
- 1988 жылы Ростов – на – Дону қаласындағы КСРО чемпионатында КСРО чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын иеленді.
- 1990 жылы Иркутск қаласында жастар арасындағы КСРО чемпионатында тағы да КСРО чемпионы атанып, КСРО құрама командасының сапына қабылданады.
- 1991 жылы ересектер арасындағы КСРО кубогының қола жүлдегері. (Украина, Семфиропаль қаласы)
- 1994 - 2000 жылдар арасында Қазақстанның қатарынан жеті дүркін чемпионы.
- 1995 жылы І - Бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы. (Италия, Рим қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
- 1996 жылы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.
- 1997 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ( Венгрия, Будапешт қаласы)
- 1998 жылы Азия ойындарының чемпионы. (Тайланд, Бангкок қаласы)
- 1999 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (АҚШ, Хьюстон қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
- 1994 - 2000 жылдар аралығында Өзбекстан, Ресей, Түркия, Тайланд, Германия, Швеция елдерінде өткен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
- 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.
2000 - 2002 жылдары Ақтөбе қаласында бокс мектебін ашып, өзі алғашқы директоры болды.
2002 - 2004 жылдары бокстан Қазақстан ұрама командасының бас бапкері.
2004 - 2007 жылдары Қазақстан республикасы бокс федерациясының вице - президенті.
2007 жылдан бастап республикалық бокстан Олимпиадаға даярлау орталығының директоры.

Ақпарат ru.wikipedia.org және bilimsite.kz сайттарынан алынды.