Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ольга Рыпакова

Ольга Рыпакова

       Ольга Рыпакова (30 қараша, 1984 ж.т., Өскемен) - ұзындыққа секіру, семиборье және үш қарғып секіруден маманданған қазақстандық спортшы. Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), үш қарғып секіруден Пекиндегі Олимпиада ойындарының (2008) және Рио-де-Жанейро Жазғы Олимпиада ойындарының (2016) қос бірдей қола жүлдегері, дәл осы спорт түрінен 2010 жылы әлем чемпионы атанды.
       2018 жылдың 14 ақпанында Ольга Валенсиядағы 2008 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдесін иемденді. 2018 жылдың наурыз айында ол Бирмингем қаласында өтетін әлем чемпионатына шақырылып, 2008 жылғы әлем чемпионатында қола медальмен марапатталды. 2017 жылы грек спортшысы Крисопия Дэвиджен шеттетуден кейін қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды.
  • О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
  • Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
  • Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
  • 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
  • 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.