Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Шәміл Серіков

Шәміл Серіков

        Шәміл Керімұлы Серіков (5 наурыз 1956 жыл, Алматы қаласы — 22 қараша 1989 жыл, Алматы қаласы) — палуан, грек-рим күресінен әлем және Олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979).

        Биографиясы

        Алты жасар жас баланың бойында талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шамильді өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде Шамиль төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді.
        1972 жылы Алдабергенов Алматыдан көшіп кетуіне байланысты Шамильді өзінің әріптесі Александр Жарковқа тапсырады.
Өзінің үлкендер арасындағы алғашқы чемпионатында сәтсіз өнер көрсетеді. Дегенмен келесі жылы өткен Иван Поддубный Мемориалында Әлем және Олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңеді. Көпшілік мұны кездейсоқ жағдай деп бағалаған болатын. Алайда Шамиль келесі жылы КСРО чемпионатында жеңімпаз болады. Шамильден жеңілген палуандардың ішінде Константинов та болды. Бұл жол жеңіс айқын басымдықпен өткен болатын. Әлем чемпионатына Шамиль Серіков аттанады.
Шәміл Серіков әлем чемпионатында бұрынғы әлем чемпионы поляк Юзеф Липенмен кездеседі. Одан кейін италияндық Антонио Кальтабианоны ұтады. Финалда ФРГ палуаны Паскуале Пасареллиді 29:9 есебімен жеңеді. Финалдық сайыста мұндай басымдықпен жеңіске жеткен палуандар болған жоқ.
        Келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем чемпионатын да жеңеді. Алайда КСРО біріншілігінде тек 7 орынға ғана тоқтайды.
        Мәскеу Олипиадасында алты кездесу өткізеді. Алтауын да анық жеңіспен ұтып шығады. Алайда олипиада жеңісінен кейін жас дарын өзінің бұрынғы біліктілігінен айырылып қалады. Күрестен шаршайды. Кейіндері КСРО ұлттық құрамасына өте алмағандықтан тұңғыш рет Қазақстан біріншілігіне қатысып, 1982 жылы Қазақстан чемпионы атанады.
        Қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген (1979). Жаттықтырушылары — А.Алдабергенов, Ж.Жарков. КСРО чемпионы (1978, Украина, Запорожье), Еуропа (1979, Бухарест) және әлем (1978, Мексика, Мехико, 1979, АҚШ, Сан-Диего) чемпионы. 22-Олимпия ойындарының алтын жүлдегері (1980, Ресей, Мәскеу) болды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
       Ол туралы «Советский спорт» газеті: «Шәміл Серіковтың әдіс-тәсілдерін оқу-жаттығу құралы етіп ұсынуға болады» деп жазған. Шәмілдің бапкері Аянбек Алдабергенов кейін басқа шәкірттеріне чемпионның күрестерінің бейне таспасын үлгі ретінде көрсететін болған.
  • 1970 жылы күреспен айналыса бастаған.
  • 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған.
  • 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған.
  • 1979 жылы еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған.
  • 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан.
  • 1978 жылы КСРО чемпионы атанды.
  • 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды.
  • 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды.
  • 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ)
  • 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу)
  • 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
        1989 жылы 22-қарашада дүниеден озды.