Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров

        Жанқош Тұраров – қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1990 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Бокспен 2004 жылдан бастап айналыса бастаған. 2008 жылы Алматыға келіп, кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгере бастайды. 2009 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын жеңген.
        2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанады. Оған дейін Невада штатында кездесулер өткізген Жанқош Тұраровты промоутерлер байқап АҚШ-қа шақырады. Бүгінде Қанат Ислам екеуі Нельсон Лопестің қол астында жаттығады.
        Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы карьерасында 66,7 килограмм салмақта 19 кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.
        Қаңтардың 29-ы күні Нью-Йоркте бразилиялық Хоаким Карнейромен 12 раундтық кездесу өткізіп, бірінші раунд-ақ жеңіске жеткен Жанқош Тұраров 66,7 килограмм салмақта NBA (Ұлттық бокс ассоциациясы) бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Қазақ спортшысы WBA (Әлемдік бокс ассоциациясы) рейтингінде өз салмағы бойынша үздік 15 боксшының қатарына енді.
        "Мен Олимпиадаға қатыспаймын. Барлық мақсатым – кәсіпқой бокста жетістікке жету", – дейді Жанқош Тұраров берген сұхбаттарында.