Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Серік Сәпиев

Серік Сәпиев

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.