Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Александр Винокуров

Александр Винокуров

        Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
        Спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған болатын. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды
       2012 жылдың күзінде Александр Винокуров Астана велокомандасының спорт директоры болатынын жариялады. 2013 жылдан бастап Астана велокомандасының бас менеджері. Жылдың соңында ол Қазақстанда «Vino Forever» құрлықтық жастар командасын құрып, өзіндік «Астана» «дубльін» ұйымдастырды.
        1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.
        Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб "Астананың" негізін қалаушы.
        2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ-қолын дәкеге орап алып, қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп, әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француз допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.
        2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.