Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Асхат Садырбай

Асхат Садырбай

        Асхат Мұратұлы Садырбай (ағылш. Askhat Sadyrbay, 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - журналист, тележүргізуші. Туған ауылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы.

        Өмірбаяны

  • 1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады.
  • 2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді.
  • 2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады.
  • 2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады.
  • 2005 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистика саласында қызмет ете бастайды.
  • 2005 жылы Халықаралық Мамандықтар Институты жабылып, сол жылы 3-ші курсты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің "Халықаралық қатынастар" факультеті, "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша сырттай оқу түрін жалғастырады.
  • 2006 жылдың ақпан айында "Қазақстан" РТРК таңғы бағдарламасының жүргізушісі ретінде шақырылып,штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне Алматы қаласына ауысады.
  • 2006 жылдың маусым айында Шымкенттегі "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына редактор-жүргізуші қызметіне қайта оралады.
  • 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің "Халықаралық қатынастар" факультеті, "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша оқуды бітіріп, "Халықаралық журналист" дипломын алады.
  • 2009 жылы Алматы қаласындағы "Хабар" ААҚ шақыртуымен "Ел Арна" телеарнасына штаттағы редактор-жүргізуші қызметіне ауысады.
  • 2014 жылдың сәуір айында "Ел Арна" телеарнасынан "Хабар" телеарнасына ауысады.