Ирина Тен
Ирина Тен – тележүргізуші, журналист,«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі. 1992 жылы Қызылорда облысы, Арал өңірінде дүниеге келген. Бала кезінен тележүргізуші болуды армандаған Ирина әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түседі. Өзінің телевизиядағы еңбек жолын студенттік күнінен-ақ бастап кеткен. Ол үшін «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы барша қазақстандықтарды ояту – үлкен мәртебе. Иринаның журналистикадағы ең үлкен жетістігі де – «Таңшолпан». Өйткені оны халыққа танытқан осы бағдарлама.
Бүгінде тележүргізуші ретінде жалпақ жұртқа танылған биязы қыз балалық шағын Арал топырағында қазақтың қарадомалақтарымен бірге өткізген. Қазақ тілін жетік меңгеруіне жанындағы достары мен ұстаздары ықпал еткен көрінеді. Әйтсе де, Ирина әлі де «білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» дейді. Үнемі сөздік қорын байытып, білім көкжиегін кеңейтуге тырысатындығын айтады. Арал топырағында өскен кәріс қызы өз халқының мәдениетімен қатар қазақ жерін де қадір тұтады. Отбасында орысша сөйлеген Ирина ауладағы достарымен тек қазақ тілінде тілдесіпті. Ата-анасы Иринаны орыс мектебіне беруді жөн санап, Арал қаласындағы №14 орыс орта мектебінде білім алған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.