Берік Уәли

Берік Уәли

        Берік Уәли - танымал тележурналист, қоғам белсендiсi, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Инвестициялар және даму министрлігiнде министрдiң кеңесшiсi.
        Берік Уәли - Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің түлегі.
        Әр жылдары журналистика саласында, «Таң», «НТК», «31 арна», «Хабар» телеарналарында жұмыс icтедi. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшiсi болды.
        Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды.
        2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.      
        Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медиа» ЖШС Байқаушылар кеңесінің төрағасы болды.







Ақпарат www.bnews.kz сайтынан алынды.