Шархан Қазығұлов

Шархан Қазығұлов

        Шархан Нағметұлы Қазығұлов - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, журналист, PR-маман.
        1956 жылы 6 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
  • 1981-1986 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің аудармашысы.
  • 1986-1990 жылдары - Балқаш аудандық газетінің редакторы.
  • 1990-1994 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің редакторы.
  • 1994-2002 жылдары - ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің консультанты.
  • 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің бас менеджері.
  • 2004-2007 жылдары - «Нұр-Астана» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
  • 2007 жылы – «Рауан» Баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. «Qogam» қоғамдық-саяси порталының бас редакторы.






Ақпарат Alashainasy.kz порталынан алынды