Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова - белгілі айтыскер ақын.
1986 жылы 29 наурызда қазіргі ШҚО, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Семей қаласындағы №5 гимназия-мектебін тәмәмдаған. Семей қаласындағы Семей атындағы педагогикалық институтын филолог оқытушы мамандығы бойынша үздік бітірген (2003-2008). 2001 жылы 23 ақпанда алғаш қала аралық оқушылар айтысына қатысып, бас жүлдеге иеленді. Ары қарай облыстық , республикалық айтыстарға жолдама алды. 2003 жылы Республикалық «Тілім менің-түңілмегін» атты ақындар айтысына қатысып 2 орын алған.
Дәл сол жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған айтысқа қатысты, одан әрі Дулат Бабатайұлының 200 жылдығына арналған айтысқа қатысып бас жүлде иегері атанды. 2 рет жекпе-жек айтысқа қатысқан. Тұрар Рысқұловтың 110 жылдығы, қазақ әдебиеті газетінің 70 жылдығы, Түркістан қаласында өткен Нұртас Оңдасыновтың 100 жылдығы, Баянауылда өткен Әлкей Марғұланның 80 жылдығына арналған республикалық айтыстардың 1 орын иегері болған. 2004 жылы 20 қазанда еліміздің таңдаулы 11 ақындарымен бірге Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында қазақтың айтыс өнерін көрсетіп, жүлдегер атанды. Осы жылы Қырғыз астанасы Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз ақындарының арасында өткен жекпе-жекте 1 орынға ие болды. 2005 жылдың наурыз айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Абайдың 160 жылдығына орай өткізілген сөз додасында жүлделі 2 орынға ие болды. Одан әрі 2005 жылы 6 тамызда Елбасының қолдауымен өткен, Райымбек батырдың 300 жылдығына арналған айтыста бас жүлде иегері.
2006 жылы 17 сәуірмен 27 сәуір аралығында Қытайдағы қандастарымызға өнер сапарымен барып, 12 қаласында болып, өнер көрсетіп қайтты. Қызылорда қаласының 80 жылдығына арналған айтыста арнайы жүлде алған. 2006 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен айтыстың 1 орын жүлдегері, 2007 жылы 12 қаңтарда өткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 95 жылдығына орай өткізілген айтыстың 1 орын иегері.Сонымен қатар 2008 жылы Франция мемлекетінде Қазақстаннан барған 12 ақынмен бүкіл халықты өнерімен тәнті етті. Тұрар Рысқұловтын 110 жылдығына,Иса Байзақовтың 110 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының 1орын иегері. 2007 жылы «Елбасы жолдауы-елдіктің арқауы» атты республикалық ақындар айтысында жүлделі 2 орын жеңімпазы.2010 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығына арналған республикалық айтыстың бас жүлдегері. 2012 жылы Қызылорда облысында Қалжан ахун Бөлекбайұлына арналған айтыстың 1 орын иегері және т.б ақындар айтысының жеңімпазы. Жастардың «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері (2012 жыл).