Бірғаным Әйтімова

Бірғаным Әйтімова

Бірғаным Сарықызы Әйтімова 1953 жылғы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша ағылшын тілінің мұғалімі, заңгер. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар. 
Орта мектептің оқытушысы, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, қалалық, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Израилдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Грекиядағы, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Білім және ғылым министрі. 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды. Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

Мәлімет Alashainasy.kz сайтыныан алынды.