Талғат  Мұсабаев

Талғат Мұсабаев

        Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.

        Қысқаша өмірбаяны
  • 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
  • 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
  • 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
  • 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
  • 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
  • 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
  • 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
  • 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
  • 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
  • 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
  • 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
  • 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
  • 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
  • 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
  • 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы
        Ғарышқа ұшуы
  • 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
  • 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
  • 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
        Әскери атағы

        Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

        Марапаттары

        Союз ТМ-32 экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин.
Қазақстан Республикасы:
  • «Халық қаһарманы» атағы (1995);
  • «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995);
  • «Отан» ордені (1998);
  • «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені;
  • «Астана» медалі (1999).
        Ресей Федерациясы:
  • «Дружба народов» ордені (1991)
  • «Герой Российской Федерации» атағы (1994)
  • «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
  • «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)
  • «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені
        Аустрия Республикасы:
  • Аустрия Республикасының ордені
        Америка Құрама Штаттары:
  • «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998).