Айдын Айымбетов
Айдын Ақанұлы Айымбетов — қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері, Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі, Қазақтан шыққан ғарышкер. 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ғарыштық миссиясы- Союз ТМА-16М, Союз ТМА-18М Тұңғыш ғарыштық қызметі- Союз ТМА-16М 1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті алтын медальға бітірген соң Авияцияның бас маршалы П. С. Кутахов атындағы АРМАВИР жоғары авиация училищасына түсіп, оны 1993 жылы бітіреді. «Командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш- инженер мамандығын алып шығады. 1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери- әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ғарышкерлер қатарына қосылмай тұрып, ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып парашютпен 360 рет секірген. 2002 жылдың 9- қарашасында ҚР-ның ғарышкерлерінің қатарына қосылып 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп жаттығу жұмыстарына кіріседі. Ал, 2009 жылдың 15 желтоқсанында А. Айымбетов Мемлекеттік ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі болады. Содан кейінгі жылдары осы Агенттікте бөлім басшысы, департамент басшысы сияқты бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылы оған ҚР Әскери- әуе күштерінің полковнигі атағы берілді. Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшты. Жалпы алғанда айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы. Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа «Союз ТМА-16М» кемесімен 2 қыркүйек күні аттанып, 4 қыркүйек күні «Союз» Халықаралық ғарыш станциясына автоматты режимде сәтті түйісті. Сапар барысында ол өзінің көңіл-күйімен, сезімдерімен Twitter парақшасында бөлісіп отырды, тіпті суреттер мен видеолар салды. Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары он күнге созылды. Қыркүйектің 2–12 дейін. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық- ғарыштық эксприменттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп шаңды дауылды зерттеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарын самақсыздықта дегустациялады.
Дереккөзі: www.ZHARAR.com
Дереккөзі: www.ZHARAR.com