Тілектес Мейрамов

Тілектес Мейрамов

Мейрамов Тілектес Уахитұлы– театр және кино актері, театр педагогы, профессор. 1948 жылы 20 маусымда Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Көкпекті ауылында өмірге келген.
  • 1967 – 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген.
  • 2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
  • 1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы.
  • 1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.
  • 2007 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының профессоры.
  • 2001 – 2007 жылдарыЖасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі,директоры.
  • 2007 ж. Астана қаласындағы Жастар театрының көркемдік жетекшісі.

Фильмография:
·2017 ж – «Когда ангелы спят»
·2013ж – «Путь лидера. Огненная река. Железная гора | Көшбасшы жолы»​
·2012ж – «Жаужүрек мың бала»​
·2011ж – «Дәрігер Ахметова»
·2010 ж – «Земля обетованная»​
·1996 ж – «Стрелок Хомучи»​
·1981 ж – «Три дня праздника»
·1979 ж – «Серебряный рог Ала-Тау»

Марапаттары:
  • 1982 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі.
  • 1996 жылы Қазақстанның халық әртісі.
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
  • Құрмет ордені.
  • 2015 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.