Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Илешева Разалия

Илешева Разалия

Илешева Разалия Ғалиқызы - медицина ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. 1927 жылдың 19 маусымында Орал қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Орал фельдшерлік мектебін үздік бітірген. 1951–1954 жылға дейін – аспирант, 1954 – 1963 жылдары – ассистент, 1963 – 1973 жылдары психиатрия кафедраның доценті, 1971 – 2003 жылдары, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің профессоры. Мұнда ол 52 жыл еңбек етті.
2003 жылғы қаңтардан бастап Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми – практикалық орталығы әлеуметтік пен сот психиатриясы бөлімшесінің бас ғылыми қызметкері.
1955 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 1970 жылы РСФСР – дың денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия ғылыми зерттеу институтында (Москва қаласы) докторлық диссертация қорғады. Ол жоғарғы категориядағы дәрігер – психиатр, сот психиатр – сарапшы мамандығы бар.
Р. Г. Илешева – Қазақстан, Орта Азия елдерінің әйелдерінен шыққан тұңғыш медицина ғылымының докторы, профессор – психиатр.
Ол 200 жуық ғылыми жұмыстар жариялады. Соның ішінде 6 монография, 2 оқулық кітап. Атап айтқанда солардың ішіндегі маңыздылары - «Қарттық кездегі сандрақ психоздар», «Қарттық кездегі аффективті психоздар», «Жасөспірімдер мен балалар тәртібінің бұзылуы», «Медициналық психология», «Психиатрия» оқулығы, «Қазақстанның сот пен әлеуметтік психиатрия тарихы», «Қазақстан, психиатриясының тарихы», «Геронтопсихиатрия», «Медициналық психология» және басқа тақырыптардағы брошюралар мен әдістемелік нұсқаулар.
Қазақстандағы әлеуметтік және сот психиатриясының тарихын ол тұнғыш рет 2004 жылы жариялады. Оның «Қазақстан психиатриясының тарихы» деген монографиясы алғашқы іргетасы еңбек болып саналады. Бұл еңбек тарихи және қазіргі психиатриялық мәселелерді зерттеуге арналған.
Разалия Ғалиқызы Илешева С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіндегі психиатрия мен медициналық психологиядан қазақ тіліндегі алғашқы лектор.
Аталған білім шаңырағында 10 жылдан артық студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі болды. Ол үшін Разалия Ғалиқызы ССРО жоғарғы оқу министрлігінің Құрметі грамотасымен марапатталды.Редактор, редколлегия мүшесі ретінде оның қатысуымен 20 – дан артық жинақтар шығарылды. Қазіргі кезде «Психиатрия, психотерапия және наркология», «Ментальді медицина мен экология» журналдарының редколлегия мүшесі. «Сот психиатриясының» бас редакторының орынбасары. Қазақ энциклопедиясындағы «Психикалық аурулар» мақаласының авторы. Осы кісінің жетекшілігінің арқасында бір докторлық, бес кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Разалия Ғалиқызы Илешеваның жетекшілігінің арқасында докторлық диссертация дайындалып психикалық науқастардың әлеуметтік реабилитациясы, олардың қоғамға қауіпті әрекеттерінің алдын алу, сот жүргізуді демократияландыру тереңдетілген ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Көптеген халықаралық конгрестер мен симпозиумдарға, семинардағы, бүкіл одақтық, республикалық конференцияларға қатынасты. 5 бүкіл одақтық съездерге қатысты онда баяндамалар жасады.
Психиатрлар мен невропатологтардың бүкіл одақтық басқармасының мүшесі болды. Бүкіл одақтық «Олигофрения», «Кәрілер психоздары» комиссиясының мүшесі болды. Психиатрлар мен невропатологтар бүкіл одақтық қоғамның «Балалар психиатриясын секциясының президиум мүшесі болды. 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының психиатрлар мен наркологтар Ассоциациясының вице – президенті болды, қазіргі кезде бұл ұжымның кеңес мүшесі.
1975-2002 жылдары Р. Г. Илешева Қазақстан Республикасының штаттан тыс ден саулық министірлігінің бас балалар психиатры болды. Қазақстанда психикалық ауру балаларға көмекті жетілдіру ретінде үлкен ұйымдастыру - әдістемелік және консультативтік жұмыс жүргізді. Осы кісінің ұсынысы және қатысуы бойынша 1975 жылы Қарағандыда Совет Одағында бесінші болып жеке балалар психоневрологиялық диспансері ашылды. Республиканың көптеген облыстарында жалпы емханаларда балалар психиатрлары орны тағайындалды. Көп жылдары бойы ауру балаларға, жасөспірімдерге және ересек адамдарға облыстар мен негізгі мекемелерде практикалық көмек көрсетілді.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін психиатриялық көмекке байланысты көптеген нормативтік құжаттарды дайындауға қатысты. «Психиатриялық көмек көрсету кезіндегі азаматтар құқығын қорғау туралы» заңды әзірлеуде белсенді түрде қатысты (1997 ж.), мәжілісте сөз сөйледі.
1982 – 1998 жылдары ССРО ішкі істер министрлігінің психикалық науқастарды міндетті түрде емдейтін арнайы аурухананың орталық психиатриялық коммиссиясының төрағасының орынбасары болды (Ақтас селосы).
1993 – 2002 жылдары Заречныйдағы сотталғандарға арналған Республикалық психиатриялық аурухананың консультанты.
1992 – 1999 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша Республикалық орталық сот – психиатриялық сараптау комиссиясының мүшесі.
Разалия Ғалиқызы Илешеваның медицина саласына сіңірген орасан зор еңбегі жоғары бағаланды. Ол «ССРО денсаулық сақтау озаты», «ҚР денсаулық сақтау озаты», «Ерен еңбегі үшін» медаль, «Еңбек ардагері», ССРО денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің, ССРО жоғарғы оқу министрлігінің, Қазақ ССР ішкі істер министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.1979 жылы «Қазақ ССР – нің еңбегі сіңген ғылым қайраткері» - деген құрметті атақ берілді.
Мәлімет zhardem.kz алынды.