
Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова
Ләйла Сұлтанқызы Сеңгірбекова (1977 жылы 8 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкентте туған) — қазақстандық танымал тележурналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Балапан» телеарнасының директор қызметін атқарған.
Білімі
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1997 - 1998 жылдары «Интерньюс-Қазақстан» ҚҚ телерадиожурналистика курсын оқыған.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші болып бастаған
1999-2003 «Шаһар» ТРК продюсері
2003-2006 жылдары «Хит ТВ» телеарнасының директоры
2008- жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ бағдарламалар продюсері
2008 жылдың тамызынан қазірге дейін «Kazmedia Mobile» ЖШС Бас директоры
2009-2011 жылдары Орындаушылар құқықтарын басқарудың Қазақстандық қоғамы, Орындаушылар Кеңесінің төрайымы
2011 мамыр-қыркүйек айларында «Кино+сериал» баспасының Бас редакторы
2012 жылдың 4 мамырынан «Балапан» телеарнасының директоры
«Қазақстан» ҰТА-ның «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі.
Марапаттары
2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" құрметті атағымен марапатталды.
2016 жылғы желтоқсан айындағы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.