Бейсен Құранбек
Бейсен Құранбек (9 желтоқсан, 1971 жыл — Алматы облысы), тележүргізуші
1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, "Қарекет" бағдарламасын жүргізеді.
Қазақстан Президенті сыйлығының иегері (2006 жыл), ҚР Мәдениет қайраткері.