Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Қанат Әуесбайұлы Әуесбай  - 14 қаңтар 1982 жылы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы) — халықаралық журналист, тележүргізушісі, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті, телерадиожурналистика және бұқарамен байланыс кафедрасының доценті, Еуразия телевизия және радио Академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы), Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. Қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн еркін бiледi.


Журналист болуына өзінің айтуы бойынша 3 адам, 1 газет ықпал еткен. Алғашқы болып атасы Сақыпкерей болған. Атасының көз жанары көруден қалған. Өз ауылына келген сайын газеттер оқыттырып, хат жаздырған. Атасының көңілін аулау үшін басылымдарда жарық көрген әңгімелерді, тартымды мақалалардың қызықты жерлерін оқып беретін. Сөйтіп атасының газеттерінің арқасында қолына қалам алған. 1996 жылы республикалық «Ұлан» балалар газетінде Жамбылдың 150 жылдығына орай мектебінде өткен кеш туралы «Ғасырдың қарт бұлбұлы» атты тұңғыш мақаласы басылды. "Ұлан" балалар газетінің тұрақты авторы болып, кейінірек "жас тілшісі" атанды.

Қанат кәсіби музыкант, баянда ойнайды, домбыра шертеді, пианинода ойнау өнері бар. 9 сыныптан кейін Тараздағы гуманитарлық колледждің халық аспаптары бөліміне "баян" сыныбында бір жыл оқыған. Колледжде жүргенде құрамында баян мен екі домбырасы бар "Серілер" триосын құрған. Университетте "Бейбарыс" тобы құрамында ән айтқан. Әндері бір CD-табаққа енді. Университет қабырғасында "Жігіт сұлтаны" байқауының 1-орын иегері атанды.


1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне қабылданды. 2004 жылы оқу орнын үздік дипломмен бітіріп, 2004-2008 жылдары білімін осы университетте аспирантурада (күндізгі бөлім) жалғастырды.

2004 жылы Алматы қаласында өткен «Телерепортажға жаңаша көзқарас» семинарына қатысып «Internews network» халықаралық ұйымының сертификатын алды.

2007 жылы Иран Ислам Республикасында өткен «Телевизиялық бағдарламаларды жасаудағы заманауи технологиялар» семинарында «ISESCO» халықаралық ұйымының сертификатын иеленді.

2008 жылы Алматы қаласында өткен «Internews network» халықаралық ұйымының «Жаңалықтар қызметінің жұмысын ұйымдастыру» атты дистанционды семинарына қатысты.

2010 жылы «Қазақ телеарналарындағы қазіргі ақпараттық бағдарламалар табиғаты» тақырыбында диссертация қорғады.

2012 жылы 28-31 мамыр аралығындағы Беларусь мемлекетінде болған «Болашақ үшін серіктестік: жаңа дәуір моделі» (Партнерство во имя будущего: модели новой эпохи) халықаралық медиа-форумның қатысушысы болды.

2012 жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Астанада өткен «Ақпараттық тарату және жаңалықтар командасын жасақтау» тренингіне қатысып, «Автограф» продюсерлік орталығының (Екатеринбург, Ресей) сертификатын иеленді.


Медиа-орталыққа мағыналы атау керек; (9 қараша 2011)

Ұлттық арнаның тартулары; (1 қыркүйек 2011)

Ұлттық арнада - «Сыр-Сұхбат»; (26 мамыр 2011)

Ұлттық арнада «Пай-пай шоу»; (4 қараша 2010)

Ұлттық арнада «Балапан» қанат қақты; (30 қыркүйек 2010)

«Қазақстан» телеарнасы қырық екі сериялы туынды түсіріп жатыр; (12 тамыз 2010)

Ақылы қызметке аң-таңмын... (10 ақпан 2010)

Бес бақыт; (5 мамыр 2012)

Елордада «Ұлттық арна» көшесі ашылса; ("Халық сөзі" газеті)

Бауыржан Байбек: Билік басына рухани бай адам келуі керек;

Сүлейман Демирель, Түркия Республикасының экс-президенті: Түркі дүниесінде ешкім ешкімнен де жоғары емес, ешкім ешкімнің ағасы да емес

Қазақ қаржыгерінің формуласы әке-көке, руластық емес, жан-жақты білім болуы керек