Қайырлы таң, Қазақ елі!
Таңғы ойын-сауықтық бағдарлама
Жүргізуші-редакторлары: Мұхтар Тұртаев, Санат Нұрбай
Эфир уақыты: дүйсенбі - жұма, 7:00-10:00
Ұзақтығы: 3 сағат
Жиілігі: аптасына 5 рет
Жанры: ақпаратты-сазды, танымдық, ойын-сауықтық
Байланыс телефондары: 8 (717) 275-72-75
Бағдарлама тыңдаушылардың таңертеңгілік көңілін көтеріп, рухани сергектігін арттыруға негізделген. Таңғы көңілашар эстрадалық әндер, қызықты деректер, шартарапта болып жатқан оқиғалардан шұғыл ақпараттар, ғылым-білім, медицина, спорт, автожаңалықтар, сән әлемінің елең еткізер оқиғалары, ел іші хабарлары, ауа-райы, биржа бағамы, керек кеңестер, жедел сұқбаттар, ұлттық мәселелер төңірегінде ой-талқылаулар т.б. барлығы жекелеген айдарлар бойынша қамтылады.
Шығармашылық топтың басты ұстанымы: «Тәңірінің күні жарқырап, Ұйқыдан көңіл ашар көз. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз».
«Қайырлы таң, Қазақ елі» – алтын таңмен бірге оянып, тіршілігіне кіріскен барша жұрттың құлағын түре жүретін сүйікті бағдарламасы.