Бармысың, бауырым?
Қоғамның кереғар тұсының бірі – бауырын іздеген жандардың жанайқайы. Аласапыран дүниеде бірі бауыр еті – баласынан көз жазып қалса, енді бірі туған анасын іздеп жүр. Осы бір әлеуметтік проблеманы шешуге үлес қосу мақсатында, Қазақ радиосында "БАРМЫСЫҢ, БАУЫРЫМ?" хабары қызмет етеді.
Бағдарламаның мақсаты: бір-бірін іздеп жүрген жандарды табыстыру.
Жүргізушісі: Қымбат Досжан.
Жиілігі: аптасына 1 рет
Ұзақтығы: 40 минут (Тікелей эфирде)
Студияның байланыс нөмірі: 75-72-75, Астана қаласының коды – 8-717-2. Уатсап желісіндегі нөміріміз: 8-777-983 78 96.
Сонымен қатар, хабарды Youtube, Facebook әлеуметтік желілерінен де тікелей эфирден көре аласыздар. Видеоэфирден іздеу салған адамдардың фотосы беріледі, егер сіздер көрген, танитын адамның суреті болса, бізге хабарласыңыздар, хат жолдаңыздар.
ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!