Жан әлемі
Бағдарламаның атауы: «Жан әлемі»
Берілу жиілігі: аптасына бір рет
Жанры: әлеуметтік
Тілі: қазақша
Бағдарламаның тұжырымдамасы (қысқаша мазмұны): Бағдарлама тікелей әуе толқынына шығады. Жүргізуші-психолог тыңдармандармен амандасқан соң тақырыппен таныстырады. Тақырыпқа байланысты болуы мүмкін сұрақтарды айтып өтеді. Хабар барысында тыңдарман көкейіндегі сауалдарға жауап беріліп, өз-өзімен әрі қарай жұмыс жасау үшін маман тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, қажетті кеңестер ұсынылады. Кей хабарларда тыңдармандарға психологиялық тапсырмалар беріп отырады. Тыңдарман хабарласқанға дейінгі аралықта, таңдап алынған тақырыпқа байланысты түсінік беріледі.
•Эфир барысында көпшіліктің ерік-жігерін жанып, өзін-өзі бағалап, тұлғалық қасиетті арттыруға байланысты әндер беріледі.