Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ән домбыра

Ән домбыра

Хабардың аты: «ӘН ДОМБЫРА»
Редакция: Шалқарұлттық радиосы
Редакторы: Сәрсенғали Жүзбай, Жасұлан Наурызбайұлы.
Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі: 14:15, қалған күндері: 16:50;
Ұзақтығы: 10 минут
Жиілігі: күн сайын
Форматы: таспа

Мақсаты: Ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған асыл мұра – дәстүрлі ән-күйімізді және қазыналы өнерді бізге жеткізген орындаушыларды насихаттау «Ән домбыра» хабарының негізгі мақсаты. Халық композиторлары мен орындаушылардың өмір жолы және шығарма тарихы туралы тың мағлұматтар ұсынып, өңірлік мектептердің орындаушылық ерекшеліктері мен тыныс-тіршілігін, дәстүрлі музыканың бүгінгі майталмандары мен өмірден өткен тұлғаларарасындағы сабақтастықты тыңдарманға жеткізу.

Құрылымы: «Ән домбыра» хабарының әр саны бір халық композиторына арналады. Тұлғаның өмірі, өнер жолы және тыңдармандарға ұсынылатын әр шығармасының тарихы жайлы айтылады. Қазақ өнері тарихын зерттегенөнертанушылардың пікірлері беріледі. Сонымен қатар халық мұрасын бізге жеткізген әнші, күйшілеріміздің орындаушылығы хақында айтылады.

Бағдарламалар мұрағаты