Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ән шеру - Жұлдыздар лигасы

Ән шеру - Жұлдыздар лигасы

Жиілігі: аптасына 1 рет, 100 мин /Дүйсенбі 15:23-17:00;
Жүргізуші: Әсел Ергешқызы
Жоба сарапшысы: Айнұр Абайқызы, Саясат Идеятұлы
Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда қоғамда ән мен әнші көбейіп, сапасы төмендеп кетті деген пікір қалыптасып қалды. Ән мәтінінің қате болуы, әуеннің ұрлануы, сапасыз аранжировка, т.б. олқылықтар қазақ эстрадасында қалыпты жағдайға айналғаны жасырын емес. Осындай жағдайдың алдын алып, сүзгіден өткізуді «Қазақ радиолары» ЖШС секілді ірі радиоторап мекемесінің қолға алуы дәл қазіргі қоғамның сұранысын қанағаттандыра алар еді.
Жобаның мақсаты:
  • Қазақ радиосының эстрададағы маңызын арттыру;
  • Қазақ радиосының сайтының қаралым санын арттыру;
  • Қазақ эстрадасындағы әншілердің жұмысына мониторинг жасау;
  • Мониторинг қорытындысы бойынша лигаға бөліп, рейтинг беру;
  • Эстрададағы әндерді қоғамдық сүзгіден өткізу;
  • Әншілердің жыл бойғы еңбегінің нәтижесін анықтау
Жоба барысы:
1. Арнайы критерийлер ұпайы бойынша әншілер туралы ақпарат жинап, лигаларға бөлу
  • Жоғары лига – 35 ұпайдан жоғары
  • Бірінші лига – 25-34 ұпай арасы
  • Екінші лига – 15-24 ұпай арасы
2. Лигалар мен әншілер туралы ақпараттар мен әндерді qazradio.fm сайтына орналастырып, дауыс беруді ұйымдастыру;
3. Тікелей эфирде өтетін бағдарламада әр лиганың алғашқы бестігі айтылады
4. Сауалнаманың әр айдағы қорытындысы бойынша үздік үштікке ілінген әншілермен жыл соңында гала-концерт ұйымдастыру;

Бағдарламалар мұрағаты