Дала фольклорының антологиясы

Дала фольклорының антологиясы

Жоба жетекшісі: Мұхамедияр Рашай

Авторы: Жанат Жанұзақ

Диктор: Әбдірәлі Бөлебай, Әділет Рақымбай

«Алтын қор» редакторлары: Айгүл Әнуарбекқызы, Гауһар Жақыпбекқызы

Форматы: таспа.

Эфир уақыты: «Қазақ радиосы»: жексенбі 10:15, «Шалқар» радиосы: сәрсенбі 15:00

Ұзақтығы: 15 мин

Жиілігі: Аптасына 1 рет

Тілі: Қазақ 

Бағдарлама мақсаты: Қазақ радиосының «Алтын қоры» бай мұраға толы. Халқымыздың жүріп өткен күрделі де көпқырлы тарихын айқындайтын, қадір-қасиетін танытатын, рухани негізін түсіндіретін әр жылдары дайындалған материалдар кәдеге жарар құнды қазына. Ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті және дала әуезі үндескен дәстүрлі әндері, батырлар жыры, ертегі, дастандары да сақталған. Мақсат: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында осы бай қазынаны тыңдарманға ұсыну.

Берілу үлгісі: Материал «Алтын қордан» алынады. Ол қай жылы үнтаспаға жазылды, кім жазып алды, қысқаша ақпарат беріледі. Одан кейін хабардың жалпы сипаттамасы айтылады. Мәселен «Қобыланды батыр» жыры. /Қобыланды туралы аңыз әңгімелер айтылады. Жырдан үзінділер беріледі.

Күтілетін нәтиже: Қазақтың ұлттық болмысы, тілі, мәдениеті, тарихы, атадан балаға мирас болып келе жатқан батырлар жырларында, ғашықтық қисса дастандарында, жырларында сақталған. Демек, ұлтымыздың үнжариясы атанған «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиосы арқылы бізосы рухани мұраларға деген жауапкершілігімізді арттырар болсақ, ұрпақтар сабақтастығына өз үлесімізді қосар едік. 


Бағдарламалар мұрағаты