Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Балапан саз

Балапан саз

Бағдарлама атауы «Балапан саз»

Редактор-жүргізушісі Алтын Маханбетова

Берілу жиілігі: аптасына бір рет, қайталау уақыты жексенбі 12.00.

Ұзақтығы 30 минут

Жанры: музыкалық-әдеби балалар хабары.

Тілі: қазақша

Телефоны: +7(701)794 7749, эл. пошта Balapansaz@mail.ru

     

    «Балапан саз» хабары «қазақ радиосының 100 жылдығына «100 өнерпаз» республикалық радио байқауын жариялайды.

    Мақсаты - жас ұрпақ бойында патриоттық сезім оятып, әрі шығармашылық белсенділігін арттыру, мектепті және ұстаз еңбегін дәріптеу.

     Байқауда 6 жас пен 16 жас аралығындағы талапкерлер «балалар әні» және «балалар өлеңі» аталымы бойынша бақ сынайды. Балалар әніне қойылатын талап: туындының бала жасына сай, тәрбиелік мәні болуы және сапалы өңделуі, әнді мәнерімен дұрыс орындай білуі ; Ұзақтығы 2.30-3 минуттан аспауы керек. Аудиотаспа электронды поштаға қабылданады.

   Ал, балалар өлеңі «аталымы» бойынша оқылатын туынды мазмұны да бала жасына сай болуы керек. Оқушы әрбір сөзді таза, анық айтып, екпінді дұрыс қоя біліп, мәнерлі оқи білуі қажет. Тақырып- Отан, туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық, мектеп пен ұстазға деген құрмет, табиғатқа жанашырлық, әдептілік т.б. тәрбиелік мәні бар туындылар қабылданады. Байқау жеңімпаздары қазақ радиосының qazradio.fm сайтының чарт бөлімінде тыңдарманнан жиналған дауыс көлемі арқылы белгілі болады. 2021 жылдың қазан айына дейін қатысушы үміткерлер арасынан жоғары дауыс жинаған 100 өнерпазға қазақ радиосының «100 жылдығына арналған сертификат » табысталады.


Бағдарламалар мұрағаты