Бірінші байлық
Хабардың мақсаты: «Бірінші байлық». Хабар, өзінің аты айтып тұрғандай, басты байлығымыз – денсаулықты сақтау саласына қатысты барлық түйткілді мәселелерді қозғайды. Еліміздің әрбір тұрғыны, әсіресе алыс елді мекендерде тұратын тыңдаушыларымыз «Бірінші байлық» бағдарламасы аясында өз денсаулығын күтумен қатар, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, бүгінгі медицинаның мүмкіндіктері және дамуы хақында өткір де маңызды мәселелер жайлы кең көлемде ақпарат алып отыр.
Хабарға арқау болатын әрі талқыланатын тақырыптар аясында түрлі науқастарды емдеу жолдары, бүгінгі медицина саласына еніп отырған жаңа инновациялық техникалар мен ем шараларын жасаудың заманға сай әдіс - тәсілдері сияқты өзекті мәселелерді де қамтып отырмыз.
Жарты сағаттық эфир барысында медицина саласында күрделі ота жасайтын танымал дәрігерлер мен жауапты қызметкерлерді қатыстыра отырып, белгілі бір тақырыпқа орай сұхбат жүргіземіз. Әрі білікті дәрігерлер тікелей эфирде телефон арқылы сұрақ қойған тыңдаушылардың сұрағына жауап береді. Сондай-ақ, инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы тыңдаушыларымыз онлайн көріп, сұрақтарын жазып қалдырады. Ватсап желісі де жүйелі іске қосылған. Яғни, «Қазақ радиолары» ЖШС тыңдаушылар үшін бар мүмкіндікті қарастырып отыр.
Жүргізуші: Ғалия Есқұлова
Эфир уақыты: дүйсенбі, 10:15
Ұзақтығы: 25 минут
Форматы: тікелей
Жиілігі: аптасына 1 рет
Жанры: қоғамдық-танымдық хабар
Байланыс телефоны: 8 (727) 3 93 22 81, 3 93 22 82, WatsApp 87003932282