Көркем сөз шебері
«Әнуарбек Байжанбаев атындағы халықаралық дикторлар» байқауына арналған «Көркем сөз шебері» хабары.
Байқау Қазақ радиосының жүз жылдығына орай ұйымдастырылған.
«Көркем сөз шебері» хабары әр бейсенбі сайын сағат 15:10-да эфирге шығады.
Ақпан айынан бастап Қазақ радиосы эфирінен осы байқау жайлы ақпараттық жарнама беріліп келеді. Қатысуға ниет білдірген үміткерлердің ішінен барлық талапты толық орындаған, және ең бастысы дауыс бояуы, оқу мәнері мен тыңдаушыға жеткізу шеберлігі жақсы деген үміткерлердің аудиожазбасын сараптан өткізіп, эфирге беріледі. Ал байқау қортындысын білікті мамандардан құралған әділ қазылар алқасы шешеді.
Аудиожазба өте таза жазылуы керек, алдымен телефон диктофонына жазылып сонан соң, a.baijanbaev_radiobaikay@mail.ru электронды поштасына жіберіңіздер. Оқылған аудиожазбаның әрқайсысының ұзақтығы 1 - 1,5 минуттан аспауы керек.