АУЫЛ ӘЙЕЛІ
Мақсаты мен міндеті: Ауыл мен әйел қазақ үшін қай кезде де қастері қасиетті ұғым. Бәріміздің де тамырымыз ауылдан, ғұмырымыз әйелден басталады. Қазір ел халқының 40 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың басты басым бағыты. Хабарда табанды еңбегі арқылы шаруасын дөңгелетіп, сонымен қатар, отбасының да ұйтқысы болып отырған ауыл әйелінің тыныс тіршілігі айтылады.
Жанры: саяси-әлеуметтік
Хронометражы: 10 минут
Эфирге шығу жиілігі: Айына екі рет, сенбі 14:20
Редакторы әрі жүргізушісі: Альмира Елімсары