Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
ДӘУІР ҮНІ

ДӘУІР ҮНІ

«Аманат»

(Қазақ радиосы «Алтын қорында» сақталған құнды мұралар жинағы)


Әр халық тарихи даму жолында болмысына, таным-түсінігіне тән этностық ерекшеліктерін айқындайтын дәстүр, әдет-ғұрып, әдебиет пен мәдениет қалыптастырады. Тұтас бір ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас мәдени болмысын жеткізіп келе жатқан Қазақ радиосының «Алтын қоры» мұраға бай. Онда ұлтымыздың ауыз әдебиеті мен дала әуезі үндескен дәстүрлі ән қоры мол. Ұлт қайраткерлерінің әр жылдары жазылған теңіз толқынындай ақжал, келісті даусы да сол қалпында сақталған. Қорда мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолы, әр заман болмысының сипатталу ерекшелігі, көркемдік әдісі туралы әзірленген хабарлар да бар.

АҚШ азаматы Т.Эдиссон ойлап тапқан алғашқы дыбыс жазу құралы – фонограф десек (грек.phone – дыбыс, qrapho – жазу), осы фонографқа даусы жазылған тұңғыш қазақ әншісі Әміре Қашаубаев болатын (1914 жылы Сырдың Қараторғайы, Сыр бойының әнші қызы жазылған деген де дерек бар). Фонограф 1920-1930 жылдарға дейін граммофон, патефон болып дамыды. Ал, 1930 жылдары Мәскеуде дыбысты грампластинкаға жаза бастады. Осы жылдары Мәскеуден арнайы топ келіп, қазақ ән-күйін жазып алған. Осылайша талай ғасыр құймақұлақтықпен жеткен бай музыкалық мұрамыз таспаға таңбалана бастады. Айтпағымыз, алғашқы фонограф жазбасынан бастап, 1964 жылғы Мәскеуде ашылған Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шыққан грампластинкалардың дерлігі Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. 1957-1996 жылдар аралығындағы танымал композиторлардың ән клавирлері қорда қолжазба күйінде сақталған.

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС «Аманат» жинағы арқылы 1948 жылдан бері «Алтын қорда» жинақталған халық қазынасын тыңдаушы қауымға тарту етіп отыр. Бұл жинақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған.

Сіздің қолыңыздағы «Аманат» жинағы «Дәуір үні», «Атадан қалған асыл сөз», «Батырлар жыры», «Ән өнері», «Күй», «Салт-дәстүр» және «Ертегі» деп аталатын жеті бөлімнен тұрады. Жинақта Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған тұлғалар даусы, ертегілер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер, жыр-дастандар, күй-термелер бар. Қазақ мәдиетінің жауһары, інжу-маржаны саналатын туындылардың түпнұсқасын да осы жинақтан тыңдай аласыз. Төл мәдениетімізге арналған «Аманат» жинағы – тарихи-мәдени мұра.



Бағдарламалар мұрағаты