Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
КҮЙЛЕР

КҮЙЛЕР


Домбыра, мұнша шешен болдың неге,

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

                                            Қ.Аманжолов


Қазақ эпосы мен фольклоры дала сазы, жалпы музыкамен тығыз байланысты. Күй аңызы – әлі тегіс тексеріліп, ерекше жиналып зерттелмеген фольклор саласының бірі. Бірақ қазақ халқының музыкалық фольклорын біліп, аңғарған адамға сыбызғы, қобыз, домбыра баян ететін күйлермен қатар сол күйдің ауызша айтылатын көркем, әдеби әңгімесі бары мәлім.

Жалпы күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығы, жан-дүниесін тылсым әуезге бөлейтін құдіретті күші. Қазақ радиосының «Алтын қорында» еліміздің біртуар тұлғаларының сыр-сұхбатымен қатар, 1948 жылдан бергі жинақталған қазақ ән-күйінің мол қоры сақталған.

Алғашқы күйлер антологиясы 7 грампластинка болып (5 домбыра күйі мен 2 қобыз күйі) 1980 жылдары Мәскеудегі «Мелодия» фирмасынан шықты. Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Мәңгілік сарын», «Қазақтың 1000 күйі» атты күйлер антологиясы көпшілікке жол тартты. Аталған күй жинақтары академик А.Жұбанов айқындап берген аймақаралық күйшілік мектептерге негізделді. Яғни, әр өңірдің күй мұрасы жеке-жеке үнтаспаға жинақталды. Ал, бұл күйлердің дені Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынған. Күй өнері – қазақтың қымбат қазынасы, рухани байлығы ғой. Ұлттық музыканың інжу-маржанын осы «Аманат» жинағынан тыңдай аласыз.


Бағдарламалар мұрағаты