Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
ЕРТЕГІЛЕР

ЕРТЕГІЛЕР

Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Ы.Алтынсарин


Фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі – ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиялдан туындаған. Қазақ ертегісі – есте жоқ ескі заманнан бастап бүгінгі дәуірге жеткен әдеби фольклор. Онда сонау Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ елдігінен, Алтын Орда үстемдігі дәуірінен айтылып келе жатқан көне ертегілер де бар.

Қазақ фольклоры, оның ішінде ертегі де XIX ғасырдың басында зерттеле бастады. Ертегіні тұңғыш зерттеген Ш.Уәлиханов. Одан кейін қазақ ертегілеріне тереңірек үңіліп, өзінің бір жинағына «Алтын бел», «Жақсылық пен жамандық», «Хан қызы», «Түлкі, қасқыр, жолбарыс», «Қарагөз сұлу», «Қармақ салған жігіт», тағы басқа да бірнеше ертегі енгізген орыс ғалымы – В.Радлов.

Фольклорды зерттеуші ғалым А.Алекторов қазақтың жүзден астам ертегісі мен аңыз әңгімесін «Астраханский вестник» газетіне бастырған. Қазақ ертегілерінің ең мол қорын жинап, қаз-қалпында қағазға түсірген М.Ж.Көпеев. Бірақ оның бәрі газет бетіне басылмай, тек қолжазба күйінде сақталған. Дегенмен, бертін келе «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томына қазақ ертегісі арнаулы бір тарау болып кірді. Ертегілердің шығу тарихын академик Ә.Марғұлан «Қазақ халқының батырлық жыр-аңыздары» атты еңбегінде жазған.

Қазақ радиосының «Алтын қорында» 1959 жылдан бастап «Ертегі» айдарымен 350 хабар дайындалған. Хабарлар «Ерден атаның ертегілері», «Зәмзәгүл әженің ертегілері», «Айдос атаның ертегілері» және «Сауық әженің ертегілері» деген атаумен жаңартылып, әр жылдары жазылған таспа қайта топтастырылған. Ерте заманнан бергі халық өмірін бейнелейтін қиял-ғажайып негізге құрылған, оқиғалы көркем шығармалар әлі де құндылығын жойған жоқ. Ертегі – әдеби қазына, рухани азық және тәрбие құралы. Әр үйдің еркесін «Аманат» жинағынан ертегі тыңдауға шақырамыз!



Бағдарламалар мұрағаты