
Әнім сен едің...
Хабардың аты: «Әнім сен едің»музыкалық бағдарламасы
Форматы: Тікелей
Жанры: Музыкалық – танымдық интерактивті бағдарлама
Эфирге шығу уақыты: Аптасына 5 күн /Дүйсенбі мен жұма аралығы/
Хронометраж: 55 минут
Тұжырымдамасы: Ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосының тікелей эфирінен аптасына 5 күн,күнделікті сағат: 12.05-те шығатын Ләззат Тиышбекқызының "Әнім сен едің" музыкалық бағдарламасы кез - келген жастағы радиотыңдаушының сұранысына ие рейтингі жоғары Қазақ радиосындағы негізгі хабарларының бірі. 1948 жылдан бері радионың "Алтын Қорында"жинақталған халық қазынасы - радиотыңдаушы қауымға осы "Әнім сен едің"музыкалық бағдарламасы арқылы тікелей эфирде беріледі. Бағдарлама барысында үлкен кісіден,кішкентай балаға дейін, тікелей эфирге хабарласқан әр радиотыңдаушы өзінің көңіліндегі әнге тапсырыс беріп,тікелей эфирде орындауға мүмкіндік алады.Бұл нағыз радиотыңдаушының жұлдызды сәті деуге болады. Екінші жағынан "Алтын Қорда"сақталған сағындырған небір дауыстарға,таспаға жазылған әндерге мысалы, Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Ескендір Хасанғалиев, Табыл Досымов сынды т.б. әншілердің орындауындағы әндерді тыңдауға мүмкіндік алады. Жастар тарапынан тікелей эфирге байланысқа шыққан радиотыңдаушылар заманауи әндерге тапсырыс беріп жатады. Бұл жобаның басқа радиолардағы интерактивтен ерекшелігі - "Қазақстан"телерадио корпорациясының Қорында 110 мыңнан аса тарихи-жәдігерлік бейне және аудио таспасы сақталған болса,оның ішінде радионың "Алтын Қорында"сақталған халықтың көңіліндегі сағындарған әншілердің орындауындағы әндерге тапсырыс беруінде.
Авторы, жүргізуші-редакторы: @Lyazzat_Teeshbekkyzy, lts.06@mail.ru