
ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА
Мақсаты: Хабардың әр шығарылымында әр елдің дәстүрлі мәдениетінің ерекше элементтері айтылып, үйлену тойы мен отбасылық рәсімдерден бастап, барлық әдет-ғұрыптары қамтылады. Хабардың кейбір саны диаспора өкілдерімен немесе этномәдениет сарапшыларымен болған сұхбаттың қысқа үзінділерінен жасалуы мүмкін. Онда қазақ халқы мен басқа ұлыс өкілдерінің салт-дәстүріндегі айырмашылықтары мен кейінгі енген өзгерістері айтылады.
Жанры: Мәдени, танымдық, білім беру және музыкалық - ойын-сауық бағдарламалары
Хронометражы: 5 минут
Эфирге шығу жиілігі: Аптасына 1 рет
Эфирге шығу уақыты: Бейсенбі. Сағат 20:00
Жауапты редактор: Салтанат Сәдібекова.