АДАЛ АЗАМАТ
Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір – бірінен ажырамайтын ұғым. Ең бастысы – адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу. Ал, ұрпаққа үлгі болар азамат – бұл тұлға, қоғамда үлкен құрметке ие, адамгершілік қасиеттерімен, әділдігімен және жауапкершілігімен ерекшеленетін адам. Осы ретте, Қазақ радиосының әуе толқынында: барлық жақсылық - сүйініштеріміздің қарлығаш ниетті хабаршысындай, ел игілігіне аянбай еңбек еткен жақсыларды,сонымен қатар халық арасында еңбегімен,өзінің дара жолымен басқаға үлгі болған,ерекше көзге түскен жақсылар мен жайсаңдарды бұқараға таныстыруға арналған портреттік хабарды ұсынамыз. Ұлықтайтын сара сөздің жаршысы ретінде радиотыңдаушыларға жолданатын «Адал азамат» радио хабарының мақсаты – қоғамда өз дара жолы бар, түрлі ерлік істерімен танылған, өз ісіне адал, басқаға үлгі болған жандар дәріптеледі және олармен сұхбат жүргізіліп, радио арнаның тікелей әуе толқыны арқылы кері байланыс орнатылады.
Бағдарлама жүргізушісі: Ләззат Тиышбекқызы