Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
АЛЬМИРА ЕЛІМСАРИНА

АЛЬМИРА ЕЛІМСАРИНА

Альмира Тілеуханқызы Елімсарина
Қазақ радиосының жетекші редакторы, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Ол әр жылдары журналистерге арналған 20-ға жуық  байқауларға қатысып жүлделі орындарды иемдеген белгілі журналист. 2023 жылы «Аманат» медиа сыйлығын жеңіп алуы, тек журналистің ғана емес, Қазақ радиосының жетістігі.                                                

Еңбек жолын қасиетті қара шаңырақ Қазақ радиосында бастаған ол 30-ға жуық радиобағдарламаның авторы әрі жүргізушісі. Журналистиканың әр саласында, яғни ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімдеуші, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Стратегиялық дамыту басқармасының Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас редакторы, «Болашақ» ақпаратты-сараптамалық журналының жауапты шығарушы-бас редакторы, Баспасөз орталығының жетекшісі, Маркетинг  бөлімінің бастығы, «Қазақстан» Республиклық Телерадио корпорациясының ДИАП ақпаратты - сараптамалық дирекциясында комментатор, «Хабар» Агенттігі» АҚ  «Білім және мәдениет» редакциясында редактор-продюсер болып жұмыс істеді. Қазір Қазақ радиосында «Нарық», «Мамандық», «Көкжиек» хабарларын жүргізеді.
Альмира Тілеуханқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің түлегі. Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Өрел ауылының тумасы.