Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Қойшықұл Мұстафаұлы

Қойшықұл Мұстафаұлы

Зарлы Қойшықұл Мұстафаұлы 1956 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан елді-мекенінде дүниеге келген.

Алматы ауылшаруашылық институтының жеміс-жидек факультетін және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1975-77 жылдары Семей жеріндегі Курчатов жарылыс полигонында әскери міндетін өтеп, жарылыс қалдықтары салдарынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген.

1984 жылдан 1995 жылға дейін шаруашылық бригадирі, бас маман, кәсіпорын директоры қызметтерін атқарған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Сыртқы Істер Министрлігі дипломатиялық академиясында бөлім бастығы қызметін атқарды.

1999-2001 жылдар аралығында Қазақтелефильм «Жаңа ғасыр» студиясында деректі және көркемсуретті фильмдердің продюссері.

2001-2009жылдар аралығындаӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тәрбие бөлімінің маманы.

Журналистика факулътетінің деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушысы қызметтерін атқарған.

Қазақ өнерінің біраз салаларына еңбек сіңірген. «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде - Сарбас ақын, «Бауыржан Момышұлы» фильмінде - Момыш, «Күлпаш», «Көшпенділер», фильмдерінде ірілі-ұсақты рольдерге түскен.«Әке даңқын әуелеткен әулетте», «Екі Кенен тумайды», «Байзақ датқа», деректі фильмдерінің режиссер авторы.

Қазіргі таңда Қазақ радиосының аға редакторы. Тарихи тақырыптағы жыраулар поэзиясы жайлы «Інжу маржан», халыққа насихат беретін «Терме» хабарларының авторы, әрі айтаманы. Қазақ радиосының Алтын қорынатөрт жүздей тарихи танымдық хабарлары өткен.

Әнуарбек Байжанбаев, Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты. Қазақ радиосының, Ақпарат саласының үздігі төсбелгілерінің, «Құрмет» орденінің иегері.