Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ақерке Усманбаева

Ақерке Усманбаева

Адам туған топырағына тартып туады деген бар. Рас та болар. Мен Хантәңірінің баурайындағы Нарынқол ауылында дүниеге келдім. Танымымның қалыптасып, талғамымның таразылануына туған топырақтың әсері мол. Тамшыдай жақсы қасиетім болса Нарынқолымның ауасынан, Хантәңірмнің кербездігінен, Байынқолымның мөлдірлігінен дарыған.
Журналистикаға кездейсоқ келгендердің қатарынан емеспін. Мектеп қабырғасында жүргенде жасаған таңдауым. Осы салада аз-маз еңбек еткен уақытта түйгенім - журналист Абай тілімен айтсақ «толық адам» болу керек. Өзің қандай болсаң шығармаң сондай. Толық келісемін. Айтарың жүректерге жетпей жатса, өз жүрегіңе үңіл.
Өмірлік ұстанымым Әлиханның айтқаны: Озғандарға жету, жеткендерден озу! Түзу қалам қисаймай, өткір қалам мүжілмесе журналистиканың ұлтқа берері орасан.