Талант Арғынғали

Талант Арғынғали

1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген.

2004 жылы осы оқу ордасында журналистика магистрі диссертациясын қорғаған.

Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері.

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық айтыста 1 – орын. (Орал)

Республикалық студенттер айтысында 3 – орын (Алматы)

«Желтоқсан оқиғасына арналған айтыста» арнайы жүлде

Алматы қаласындағы Наурыз айтысында арнайы жүлде. 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында өткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» республикалық айтысында 3 – орын.

Алматы қаласында өткен республикалық Наурыз айтысында арнайы жүлде.

Алматы қаласында өткен «Аңырақай шайқасы» республикалық айтысында арнайы жүлде.

Көкшетау қаласында айтыс ардагері «Көкен Шәкеевтың құрметіне» өткен айтыста 2 жүлделі орын...т.б. 

«Музарт» тобының «Махаббат гүлі солмайды», «Не деген көркем едің?!», 

«Достарым», «Кел, жаным...»,т.б

Нұр-Мұқасан тобының «Сіздер үшін...», «Махаббат әні»,

Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Сағыныш»

«Жігіттер квартетінің» «Сен ойлама...», «Арман қала» 

«Заман» тобының ән-қоржынындағы «Мені ойла!», «Асыл жарым», «Қарақат көзің...» сияқты ел арасына кең тараған ән мәтіндерінің авторы.