Жанат Жанұзақ
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында 1971 жылы дүниеге келді.
1988 жылы Арқалық қаласындағы №1 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті аяқтады.
1989 жылы Германияда әскери борышын өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемелкеттік университетінің түлегі.
1992-96 жылдары Торғай облыстық теле-радио компаниясында редактор.
1996-2011 жылдары «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында редактор, аға редактор, аға режиссер.
2011-2012 жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасының Ақмола облысындағы меншікті тілшісі.
2012-2013 жалдары «Қазақстан-Көкшетау» телеарасында аға редактор.
2013-2014 жылдары «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы директорының орынбасары.
2014-2017 жылдары Қазақ радиосында редактор.
2018 жылы «Қазақ радиолары» ЖШС стратегия қызметінің прадюссері.
2019 жылдан Қазақ радиосының аға редакторы.
Журналистика саласындағы жалпы еңбек өтілі – 27 жыл.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауында лауреаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының екі мәрте жеңімпазы. «Күміс жаршы» төсбелгісінің иегері. Елбасы қоры ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы.