Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
ЖҰМАКҮЛБАЕВА ЖАДЫРА СЕРІКБЕКҚЫЗЫ

ЖҰМАКҮЛБАЕВА ЖАДЫРА СЕРІКБЕКҚЫЗЫ

ЖҰМАКҮЛБАЕВА ЖАДЫРА СЕРІКБЕКҚЫЗЫ – журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1983 жылы 4 қарашада ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Қарауыл гимназиясын бітірген.

2000-2004 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2004-2006 жж. магистратурасын үздік дипломмен тәмамдаған.

2016 жылы «Болашақ» халықаралық Президент стипендиясын ұтып алып, 2018 жылы Ұлыбританияның Лестер университетін MA Media, Culture and Society мамандығы бойынша үздік дипломға бітіріп келді. Лестер университетінің «Ең үздік диссертация» және «Ең үздік жыл қорытындысы» сертификаттарымен марапатталған. Англияда қорғаған диссертация тақырыбы: «Ұлттық рухты ұлттық музыка арқылы дамыту: Қазақ радиосы мысалында» /Enhancing national identity through the folk music: a case study of Qazaq Radio/.

Қызмет жолын 2003 жылы Қазақ радиосында бастаған.

«Қазақстан» ҰТА-да ұлттық өнерге байланысты «Аламан айтыс», «Ән айтыс», «Күй тартыс», «Дала думан», «Ауыл сазы» бағдарламаларының редактор-сценаристі қызметін атқарған.

Республикалық «Алаш айнасы» газетінің мәдениет бөлімінің тілшісі болып қызмет атқарды. Қазақтың ұлттық классикалық музыкалық өнері туралы журналистік зерттеулер мен мақалалар жазды.

2009-2019 аралығында он жыл бойы эфирден шыққан «Сал домбыра» хабарының редактор-жүргізушісі. 

2019 тамызында Британдық медиа алпауыт «BBC Radio 3» радиосының ұсынысымен 'Music Planet: Road Trip to Kazakhstan’( «Музыкалық планета: Қазақстанға сапар») атты хабарды ағылшынша жасады. Сілтеме: https://www.bbc.co.uk/programmes/p07m1j27/

2019 жылдан бастап қысқаметражды және деректі фильмдер түсіре бастады. Минимализм тақырыбындағы FOCUS (2019) фильмі IV Байқоңыр кинофестивалінің іріктеу кезеңінің басты кастингіне қатысты. Қысқа метражды «Тазару» (2019 ж.) фильмі «АТАУ» қысқа метражды фильмдер фестиваліне 2020 жылдың басында қатысты. «Болашақ» (2019) атты деректі фильм «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы. Бұл фильм конкурс үшін арнайы түсірілген. 

«БОЛАШАҚ», «РАДИОМЕДИЦИНА», «FILMFAN» хабарларының авторы. Бүгінгі таңда «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС Бас директорының кеңесші қызметінде.

Жадыра Серікбекқызы тұрмыста, төрт баланың анасы.