Толқын Сұлтан

Толқын Сұлтан

Сұлтан Толқын Дүйсенқызы - драма және кино актері, қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.

1978 жылы 1 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,​ Үрпек ауылында дүниеге келген. Эстетикалық бағыттағы Жаңауыл орта мектебінің түлегі.

1996-2000 ж.ж Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының​ "Драма және кино актері" бөлімінде білім алған.

Еңбек жолын 1994-1996 жж. Торғай облыстық қазақ-сазды драма театрында театр артисі болып бастаған.​ 1998-2003 жылдары «Хабар» агенттігінің «Тамаша» ойын-сауық отауы бағдарламасында актриса,

2003 ж «Рахат» телеарнасында​ «Бәрінен де сен сұлу» хабарының авторы әрі​ жүргізушісі.

Әртүрлі мемлекеттік іс-шаралардың сценарисі және жүргізушісі.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

2013 жылдан бастап «Шалқар» радиосында, 2017 жылдан бастап қазақ радиосында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарады.

"Шабыт" радиотеатры, "Түркі әлемі", "Өнер алаңы", "Мәдениет мәйегі", «Балаларға базарлық» хабарларының авторы әрі жүргізушісі.

2017 жылдан "Наз" мемлекеттік би театрының БАҚ менеджері. Автордың мақалалары,​ интермедиялары әркезде баспасөз беттеріне жарияланып тұрады.