
СӘРСЕНҒАЛИ ЖҮЗБАЕВ
Сәрсенғали Әлімханұлы Жүзбай 1969 жылы 29 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ ауылында туған.
1986 ж орта мектепті тәмәмдап, 1987 – 1994 жылдар аралығында Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда халықаспаптар бөлімі, қобыз сыныбында оқыды. 1995 – 2001 жылдары Жезқазған музыка училищесінде, 2002 – 2012 жылдары Алматыдағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы мектепте және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында ұстаздық етті. 2007 жылдан бері Шалқар радиосында жетекші редактор боп жұмыс істейді.