Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Ләззат Тиышбекқызы

Ләззат Тиышбекқызы

Ләззат Тиышбекқызы журналистиканы алғаш телеарнадан бастаған. Оның көгілдір экранда ашқан авторлық бағдарламалары көзі қарақты көрермен көңілінен әлі күнге өше қойған жоқ. 2002-2006 жылдар арасында «Оңтүстік астана» телеарнасынан тікелей эфирде өткен танымдық, музыкалық – көңілашар «Менің қалам», сондай –ақ «КТК» телеарнасынан көрермен көзайымына бөленген таңғы «Күнбағыс», «Аялдама» бағдарламалары кәсіби шеберлікпен дайындалған еді. 2006 – 2007 жылдары «Хабар» Агенттігінің эфирінен берілетін «Гала ТВ» телеарнасының «Жан дауа» денсаулық бағдарламасының тұрақты редактор – жүргізуші қызметін атқара жүріп, «Хабар» агенттігіндегі музыкалық редакциясында «Алматы – менің алғашқы махаббатым!» және «Қарағанды – жастық шағымның қаласы» атты фестивальдер мен концерттердің теле жобасын, сондай-ақ, арнадағы музыкалық бағдарламалардың көрерменге жолдауына атсалысқан. Бұл редакторларық қызметінің бір қыры ғана.

Ләззат Тиышбекқызы баспасөз беттерінде өнер жайында көп мақала жазған. Өз қызметін тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқара жүріп, Алматы қаласының үлкен сахналарында өткен мәдени іс- шараларды шебер ұйымдастыруы да талантты журналистің еңбекқорлығы.  Сол кештердің сценарилерін тартымды да, қызықты  жазумен қатар, жүргізушілік қызметті де қатар алып жүруі, оның жан-жақтылығының көрсеткіші. Талантты, білімді, ұйымдастыру қабілеті ерекше, өзіндік айтар ойы бар, қолға алған ісін ынта-шынтасымен, шеберлікпен, жауапкершілікпен атқаратын Ләззат Тиышбекқызы Балқаш қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін тәмамдағаннан кейін, хореография мамандығы бойынша білім алып, оқуды «қызыл дипломмен» бітірген. Бала кезден өнерлі болып өскен ол, кейін жоғары білімін Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясында «Музыкалық театр және эстрада» факультетіндегі «музыкалық актер әрі режиссер» мамандығы бойынша «өте жақсы» бағамен аяқтаған.

2002-2003 жылдары Академия түлегін «КТК» телеарнасына бағдарламалар жүргізуші ретінде шақырғаннан кейін, телевизия саласында бірнеше жобаларды жүргізіп, авторлық хабарларын да көрерменге ұсынған. Міне, сол кезде екінші магистратурадағы білімін телевизия саласымен ұштастырып, Еуразия ұлттық университетінің, «Журналистика және саясаттану» факультетіндегі телерадио кафедрасы жалпы журналистика мамандығы бойынша жалғастырады.

Жалпы, Ләззаттың журналистер арасынан алар орны бөлек. Қазіргі «Қазақ радиосы» мен ұлттық «Шалқар» арнасының тікелей эфирінде өтетін бағдарламалардың авторы әрі жүргізуші – редакторы ретіде, радиотыңдаушы көңілінен айрықша орын алуда. Оның жүргізетін «Әнім сен едің», «Ұшқын», «Дәуір дүлділдері», «Шалқар шаңырағында», академиялық бағыттағы музыкант тұлғаларға  арналған, сахна майталмандары жайлы «Шабыт» және «Опера маржандары» хабарын шебер де көркем, сауатты жасауы Ләззаттың  ерекше құштарлықпен еңбек етуінің дәлелі. Ал, Шалқардан шыққан, «Аққулы айдын», «Есіл дәуреннің есті әндері» бағдарламасына келген кейіпкерлермен өрбитін сұхбаты, «Елім менің» әлеуметтік тақырыптарды назардан тыс қалдырмай, тыңдаушы қауымға жол тартқандығы үшін 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Ләззат Тиышбекқызы «Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының» мәдениет және ақпарат саласында еткен еңбегі үшін - лауреат атанып, дипломға ие болды. 2014 жылы Прага қаласындағы/Чехия/Богем университетінің журналистика факультетінде дәріс оқып, «Баранндов ТВ» тағлымдамадан өтті.

«Жұлдызды түн» әдеби-музыкалық хабарын, «Ұшқын» жастар бағдарламасының әр жексенбіде шығатын «Сырласу» сағаты, «Қазақ радиосының», «Алтын Қорындағы» әндерді радиотыңдаушылардың сұрауы бойынша жолдайтын тікелей әуе толқында өтетін «Әнім сен едің!» бағдарламасы, елордамыз Астана қаласының тыныс – тіршілігінен сыр шертетін, күнделікті өмірдегі жаңалықтар топтамасы ретінде апталық шолуы «Алаштың – Астанасы!» хабарында Шалқар радиосынан баяндалып Ләззат Тиышбекқызының ерекше құштарлықпен еңбек етуінің дәлелі... Олай дейтініміз тыңдаушының назарына ұсынылған айтулы хабардың көбі «Қазақ радиосының» «Алтын қорында» сақталуы соның айғағы.


Қосымша ақпараттар: ҚР Ақпарат саласының үздігі, "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры" сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, «Евразия ОРТ», «Хабар» «Агенттігінің, «Балапан» дубляжында көркем фильм, сериалдар, мультфильмдер мен «Жібек жолы»телеарнасының эфирінен шығатын «Шетелдегі қазақ балалары» деректі бағдарламасының мәтінін, және жарнамаларды  дыбыстаған.

Сахна тілі, тіл техникасы және ораторлық шеберлік саласы бойынша университетте, халықаралық журналистика мектебінде дәріс берген.