Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Бағдагүл Рахметқызы

Бағдагүл Рахметқызы

Тегі, аты, әкесінің аты: Шаргынова Багдагул Рахметқызы

Қазақстан» ​ РТРК» АҚ Радиохабар тарату дирекциясы Қазақ радиоларының редакторы ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Жынысы: Әйел

Туған жылы мен туған жері: 24.05.1976 ж. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы

Білімі: Жоғары. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы, Автор-телекоментатар мамандығы

Жалпы жұмыс өтілі: 15 жыл

Саладағы жұмыс өтілі: 13 жыл

1997 жылы «Қазақстан» телеарнасында «Ән жолдаймын өзіңе» атты ​ бағдарлама жүргізген. БҚО Қазақстан-Орал телеарнасында «Шын жүректен» құттықтау бағдарламасын жүргізген.

2008 жылдан бері радио саласында журналист болып қызмет атқарады. ​ ​ ​ ​ ​

Қазақ радиосында тыңдармандарға жақсы таныс «Замандас», «Ақ тілек», «Сахна сыры» хабарларын даярлап ұсынып келеді. «Замандас» хабарлары циклында, қазақ эстрада жұлдыздары туралы ойы өрнекті көптеген сарабдал хабарларды тыңдармандарға тарту етті. «Сахна сыры» хабарында белгілі театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығаймен, жазушы Әкім Таразимен болған сұхбаттары тыңдармандардың жоғары бағасына ие болып, редакцияға көптеген алғыс хаттар келді. Сонымен қатар, "Шалқар" радиосында «Елім менің» хабарын жүргізіп, депутаттармен, белгілі тұлғалармен тікелей эфирде өзекті ойларды ортаға салды. Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күні арнайы хабарлар жасады. Бүгінгі күнде «Ұшқын», ​ «Сазды сәлем», ​ «Жайдарман», ​ «Сәті түскен сұхбат» бағдарламаларын жүргізіп, тыңдарман көңілінен шығып жүр.

Отбасылы, алты бала өсіріп отырған ана. "Кумiс алка" иегерi. «Нұр Отан» партиясының және Журналистер одағының мүшесі.

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы Астана қалалық турының вице-жеңімпазы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Алгыс хатына" жане министр Дәурен Әскербекұлы Абаевтың "Құрмет грамотасына" ие болды