Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Мейрамгүл Нығметова

Мейрамгүл Нығметова

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

1985 жылы Мұхит Мералыұлы атындағы Қаратөбе орта мектебін бітірген.

Мектептен соң, екі жыл Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» (қазіргі «Қаратөбе өңірі») газеті жанындағы аудандық радиоторабының хабарын ұйымдастырушы әрі дикторы болып қызмет атқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

1990-2000 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде;

2000-2001 жылдарда республикалық ғылыми-көпшілік «Зерде» журналында қызмет атқарған.

2001 жылдан «Қазақстан» ТРК АҚ Қазақ радиосында жүргізуші редактор, жетекшінің орынбасары;

2013 жылдың мамыр айынан Шалқар радиосының шолушы редакторы болып қызмет атқарып келеді.

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Мемлекетіміздің «2002 – 2005 Ауыл жылдары» қорытындысына орай 2005 жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.

2006 жылы Ел тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай «Қазақстан» РТРК АҚ «Күміс жаршы» медалінің иегері атанды.

2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігі мен БҰҰ есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасы (UNODC), «Аман-Саулық» қоғамдық қорының Гран-при жүлдесі мен қаржылай сыйлығын иемденді.

2016 жылы Журналистер мерекесі күніне орай «ҚР Ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталып, Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатын» алған.

2015 жылы журналистің «Фәнилік сағыныш» атты кітабы жарық көрді.