Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
САЛТАНАТ СӘДІБЕКОВА

САЛТАНАТ СӘДІБЕКОВА

1978 жылы Қазіргі Ұлытау облысы Жезді ауылында дүниеге келген.                         

2002 жылы Алматы Халықаралық  Журналистика  Институтын тәмамдаған.                                              

2006 жылға дейін,  «Қазақ үні», «Алматы Ақшамы» газеттеріне штаттан тыс тілші қызметін атқарған.                            

 2006 жылы «Қазақ радиосының» Астанадағы редакциясына редактор болып жұмысқа орналасқан. Саяси ақпараттық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-танымдық бағдарламалар жүргізген журналист.

Ел Үкіметінің қоғамның әлсіз топтарын қолдауға бағытталған саясатын түсіндіріп, спортта, өнерде т.с.с басқа да салада жетістікке жеткен ерекше жандардың ерлігін дәріптеу арқылы, өзгеге ой салатын «Кедергісіз келешек», «Жүректе қайрат болмаса» атты  әлеуметтік мазмұны терең радиобағдарламалардың авторы. Сондай-ақ; еліміздің сот жүйесі мен құқық қорғау саласының жаңалықтарымен бөліскен «Заң және қоғам» радио хабары, шартараптың жаңалықтарына апталық шолу жасайтын «Шарайна» бағдарламаларын да жүргізіп, тыңдарман ықыласына бөленген журналист.         

Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан" құру жолындағы тапсырмасына сәйкес, ел Үкіметі қолға алған жаңа бастамаларды халыққа жеткізіп, тікелей эфирде  халықтың үнін билікке жеткізу мақсатында кері байланысқа мүмкіндік берген "Әлеумет тынысы" және "Жаңару жолы" радиохабарларын жүргізген.                                        

Бүгінде Қазақ радиосындағы «Ғылым кз», «Еңбек адамы», «Ең алғаш» хабарларының редактор-жүргізушісі.                    



Қосымша ақпараттар: ҚР Ақпарат саласының үздігі, "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры" сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметі министрліктерінің және әкімдіктеріне қарасты департаменттері мен басқармаларының бірнеше алғыс хаттары, грамоталарымен марапатталған.