Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
Мадина Махамбетқызы

Мадина Махамбетқызы


1985 жылы 22 ақпанда Ресейдің Новгород қаласы, Хвойын ауданында дүниеге келген. 

1991 жылы қазіргі Түркістан, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Байқоныс (бұрынғы Заря коммунизм) ауылында М.Әуезов мектебінде тәлім алды. 

1998 жылы Мақтарал ауданы, Жетісай қаласының Абай атындағы №4 орта мектебінде оқуын жалғастырып, 2002 жылы осы мектептің түлегі атанды. 

2003 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің студенті атанды. Оқу аяқталар сәтте Қазақ радиосында тәжірибеден өтті. Ол кезде Жүрсін Ерман директор еді. 

2006 жылы Қазақ радиосына қызметке орналасты. 

Осы уақыт аралығында «Ата салт», «Бірі кем дүние», «Қазақстан сарбазы», «Сардар мен сарбаз», «Отан оғыландары», «Заман біздікі», «Әлеумет радиожурналы», «Жан әлемі», «Желсіз түнде жарық ай», «Бар қазағым – бір қазақ» сынды көптеген хабарды әзірлеп, эфирге шығарды. Әсіресе, әскери хабарға ерекше ден қойды. 

Қазақстанның Қарулы Күштерін насихаттау, тыныс-тіршілігімен танысу, қатаң тәртіпке бағынған жауынгерлер жайлы жазу, айту оның бар болмысын ашты. Қазақ радиосының арқасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Әзілхан Нұршайықов, Әбіш Кекілбаев сынды жазушылардан сұхбат алды. Ал, бір ғана «Сардар мен сарбаз» әскери деректі радио-фильмі арқылы Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерімен сұхбаттасып, олардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа, кейінгі жас сарбаздарға үлгі етуде өз үлесін қосты.

2014 жылы әскери хабарды әзірлеу барысында ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесе «Әскери әндер» республикалық радиофестивалін өткізді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан өнерпаздардан біршама рухты әндер келіп түсті. Қазақ радиосының «Алтын қорын» әскери әндермен толықтырды.  

Сондай-ақ «Балапан» (2017) телеарнасында штаттан тыс продюсерлік қызметін атқарды.

 Ұлттық арнаның «Шаңырақ» тележобасында (2019) редакторлық міндетін де атқарды. «Ел анасы» (2016) атты журналын шығарып, жан-жақты қабілетін ашты.  

Марапаттары: 

2014 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасының төрағасы Нұржан Мұхамеджанова «Мемлекеттік ақпараттық саяатты жүзеге асыру мен Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін» алғыс хатпен марапаттады. 

2015 жылы ҚР Қорғаныс Министрлігінің ұйымдастыруымен Блогерлер арасында өткен әлеуметтік желіде жарияланған әскери тақырыптағы үздік жазбаны анықтайтын «Әскери пост» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы;

2015 ж ҚР Қорғаныс Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Жеңістің 70 жылдығына арналған журналистер арасындағы республикалық «Мәңгі есімде» шығармашылық байқауының жеңімпазы;

2015-2016 жж. ҚР Қорғаныс Министрлігінің журналистерге арналған «Әскери дискурс» оқу-жаттығуына қатысып, Қорғаныс министрінің арнайы сертификатын алған;

2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты түсіндіру бойынша семинар-тренингінен сертификатталған;

2016 жылы IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық «KADEX-2016» көрмесі аясында өткен журналистердің шығармашылық байқауының жеңімпазы;

2017 жылы «Әскери-Медиа – 2017» бірінші республикалық баспасөз фестивалінің «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпазы;

2021 жылы ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен марапаттады;

2021 жылы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев «Төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындағаны үшін» естелік белгісімен марапаттады.